Елордалық көпірден секіріп кеткен бойжеткенді құтқарып қалды

cover Нұр-Сұлтан ПД

38 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Денис Синдеев «Қазақстан» спорт кешені жанындағы көпірден өзенге секірген қызды құтқарды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

20 сәуірде сағат 11:16-да Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің жедел басқару орталығының 102 пультіне «Қазақстан» спорт кешені жанындағы көпірден бойжеткен өзенге секіріп кетті деген хабарлама келіп түсті. Оқиғаға 38 жастағы Денис Синдеев куә болды.

– Мен жақын жерде тұрғанмын. Бір кезде адамның көпірден суға секіріп кетті деп айқайлағанын естідім. Жақынырақ жүгіріп барғанымда, суда бір қыздың ағып бара жатқанын көрдім. Еш ойланбастан сырт киімімді шешіп, өзенге cүңгідім, - деді Денис.

Нұр-Сұлтан ПД

Ер адам бойжеткенді қолынан ұстап, жағаға алып шықты. Құтқарушылар келгенге дейін қала тұрғыны 16 жастағы қыздың өмірін құтқарып қалды. Кейін бойжеткенді дәрігерлер алып кетті.

Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайын Нұр-Сұлтан полициясы анықтап жатыр. Елорда полициясының бастығы генерал-майор Ержан Саденов Денис Синдеевке ерлігі үшін алғыс айтып, алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар