Елорда әуежайы тұрақты жұмыс режиміне көшті

cover

Бұған дейін Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары сағат 11.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жүргізілгеніне байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енгізілген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді әуежай бұрынғыдай  қалыпты жұмыс режимін ұстанатын болады.

— Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы мен жарық сигналдық жабдықтың жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұшу және ұшып келу кестесі қайта жаңартылды, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Кеше, яғни 13 тамыздан бастап елорда әуежайы бұрынғы жұмыс режиміне өтіп, тәулігіне 24 сағат қызмет атқаратын болады.

Естеріңізге салсақ, жөндеу жұмыстары 21 шілде мен 12 тамыз аралығында болды. Аталған жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енгізілген еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар