Елімізде Tynysbelgi.kz және Sinonim.kz сайттары іске қосылады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Тіл білімі институтының мамандары TYNYSBELGI.KZ және синоним сөздерді көрсететін SINONIM.KZ сайтын дайындап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Тыныс белгі» сайтына ешқандай пунктуациясы қойылмаған мәтінді енгізсеңіз, орфографиялық емлеге сай енгізген сөздің тыныс белгілерін шығарып береді.

Ал «Синоним» сайтында сөздік қорға бай қазақ тіліндегі мағыналас сөздер топтастырылады. Мәселен, құлшыну - белсену, жабу - кілттеу. Сайтта 40 миллионға жуық мәндес сөз болады деп жоспарланып жатыр. Биыл қазақ тілі электрондық қоры 70 миллион сөзбен толықтырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар