Елімізде егіс науқаны аяқталды: АШМ қорытындысын жариялады
Ауыл шаруашылығы дақылдары 23,7 миллион гектар алқапқа себілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанының аяқталғанын мәлімдеді. Алдын ала деректерге сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары 23,7 млн гектар жерге егілген. Биыл жоғары табысты және сұранысқа ие дақылдар алқаптары ұлғайтылды:
• Майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға көп);
• Малға азықтық дақылдар – 3,3 млн гектар (114 мың гектарға артық);
• Жүгері – 167,5 мың гектар;
• Көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.
Министрлік бұл көлем ішкі қажеттілікті ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.
«Биыл егіс науқанын қаржыландыру алғаш рет дала жұмыстары басталмай тұрып, алты ай бұрын басталды. Жалпы қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге жетті. Диқандарды жеңілдікпен қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін 85%-ға дейінгі қарыз қаражатына кепілдік беру тетігі енгізілді» деп жазылған министрлік мәліметінде.
Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру көлемі 250 млрд теңге болды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты