Елімізде 47,9 млн теңге сайлауалды дебатқа бөлінді

cover

Бұл туралы 15 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады. Аталмыш сома тек мәжіліс кандидаттарының сайысына бөлінген. Ал мәслихат дебатына қанша қаражат бөлінетіні белгісіз. Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс 30 желтоқсан күні Хабар арнасында тікелей эфирде өтеді.

Дебат үш кезеңнен тұрмақ: «Қазақстанның экономикалық дамуы», «Азаматтардың әл-ауқаты» және көпшілік алдындағы сөзі. Сайысқа бес партия жетекшілері қатысады.

ОСК мәліметіне сүйенсек, бес партия мәжіліс сайлауына, оның ішінде 312 кандидат (90 әйел, 222 ер адам) ұсынылған. Ал мәслихатқа 832 үміткер бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар