Елді екеулеп басқарғыларыңыз келе ме? Қырғыз басшысына қойылған сұрақ
Фото: «Кабар» ақпарат агенттігі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров саяси серігі Қамшыбек Ташиевтың қызметінен кету себебін түсіндірді. Сонымен қатар, сайлаудан кейін елді кім басқаратыны туралы ел ішінде тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпарат агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев Садыр Жапаровтан қоғамда бүгінде ең көп талқыланып жатқан мәселелердің бірі – министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің отставкасы туралы сұрады.
Президенттің айтуынша, Қамшыбек Ташиевтің атын жамылған адамдар қоғамға іріткі салғысы келген. Жогорку Кенеште кейбір депутаттық топтар депутаттарды жинап, әрқайсысынан «Жапаров жақтасың ба?», «Ташиев жақтасың ба?» деп сұрақтың астына алған.
«Бұндай бөліну «ақсақалдарға» да жеткен. Олар «Жогорку Кенеш жақын арада мерзімінен бұрын сайлау жариялайды» деп халықты жаңылыстырып, қол жинай бастаған», — деді Жапаров.
Қырғыз президенті дер кезінде шешім шығарылмағанда бұл жағдай қарапайым халыққа да жетіп, ел екіге бөлінуі мүмкін екенін айтты.
«Шешім қабылдар алдында досыма қоңырау шалып, жағдайды түсіндіріп, қызметтен босататынымды айттым. Менің ойымша, осы жедел шешім арқылы мен керісінше досымды сақтап қалдым. Өйткені оның жанындағы адамдар, оларды «ақсақал» дейміз бе, әлде басқаша атаймыз ба, бәрібір, оны дұрыс жолдан тайдырып тынатын еді», — деді президент.
Қазірдің өзінде қырғыздар арасында «Жапаровтың командасы», «Ташиевтің командасы» деген ұғымдар пайда болған. Тіпті ел ішінде «енді Ташиев президент болуы мүмкін» деген сыбыс тараған. Тіпті, Медербек Шерметалиев Жапаровтан «елді екеулеп басқарғыларыңыз келе ме?» деп сұрады.
Жапаров мемлекетті кім басқаратынын бір топ адам емес, халық шешетінін баса айтты.
«Конституция бойынша әр азамат сайлауға қатысуға құқылы. Президент болып халық сенім білдірген, рейтингі жоғары адам сайланады. «Бір мерзім – анау, бір мерзім – мынау» деген әңгіме демократиялық қағидаттарға қайшы келеді және халықтың таңдау құқығын жоққа шығару болады», — деді ол.
Жапаров Ташиевтың қызметтен кеткенімен арадағы достық қарым-қатынасы сақталып қалатынын баса айтты.
Оқи отырыңыз:
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Жапаров пен Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
- ҚР ІІМ ескертеді: Камералар құжатсыз көлік айдағандарды анықтайды
- Астана полициясы көлігін тастай қашқан есірткі таратып жүрген күдіктіні ұстады
- ҚР ІІМ-нің есірткіге қарсы комитеті басшысын тергеу басталды
- Стамбұл көшесінде Қазақстан азаматын атып кетті
- ШҚО-да кәріз құдығына түскен 3 жұмысшы уланып қалды
- Ақтөбеде әдейі жалған ақшамен төлем жасап, алаяқтыққа барған әйел сотталды
- ҚМА төрағасы президентке қылмыстық табысқа қарсы күрестегі атқарылған жұмыстарды баяндады
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды