Елдегі аязға байланысты мектептерде оқыту тоқтатылды

cover

Қатты аязға байланысты 16 ақпанда Астана, Семей, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Ақтөбе қалаларындағы мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 16 ақпанда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде) бірінші ауысымдағы қашықтықтан оқыту форматына көшуде» деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасы.

Дәл осындай бұйрыққа Семейде де қол қойылды. Ақтөбе облысы мен Қарағандыда сыныптардағы сабақтар бірден екі ауысымда тоқтатылды. Өскемендік оқушылар да қашықтан білім алуға көшірілді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы мектептердің бірінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары 16 ақпанда онлайн оқыту форматына көшеді. Сондай-ақ Қостанай мектептеріндегі 0-11 сыныптардың бірінші ауысымы оқушылары қашықтан оқитын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар