«Екі шетелдік ұсталды»: тағы төрт есірткі зертханасы жойылды

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Ішкі істер министрлігі үш күн ішінде төрт есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Ведомство мәліметінше, үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. 

Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелген. Оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 келі синтетика мен 11 келі марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар