Егіз қыздар бір-бірімен төбелесуден бас тартты

cover

Маңғыстаудан келген егіз қыздар Қызылорда облысында таэквондодан өткен турнирде бір-бірімен төбелесуден бас тартты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Видео instagram желісінде жарияланды.

24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеде егіз қыздар Айя мен Сая Кенжеғали шықты. Олар төбелесуден бас тартып, «тас, қайшы, қағаз» ойынын ойнап, бірінші орын жүлдесіне кімнің лайықты екенін анықтады. Нәтижесінде жеңіс Айя Кенжеғалидің қанжығасына бұйырды.

2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған жеткіншектер арасындағы таэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар