Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады

cover Фото: Бейнеден кадр

X әлеуметтік желісінде қарулы қақтығыстарға қатысты жалған ЖИ-видеолармен күрес басталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

X компаниясының өкілі Никита Бир нейрожелі арқылы жасалған әдейі осындай фейк видеоларды жариялайтын қолданушылар табыс бөлісу бағдарламасынан да шеттетілетінін айтты. Фейк видеоларды арнайы белгісіз жариялаған қолданушылар табысты бөлу бағдарламасынан 90 күнге шеттетіледі. Қайталанған жағдайда олар бағдарламаға қатысу құқығынан біржола айырылады.

«Соғыс жағдайында адамдар оқиға орнынан шынайы ақпарат алуы аса маңызды. Ал қазіргі жасанды интеллект технологиялары адамдарды оңай жаңылыстыратын контентті тез жасап шығаруға мүмкіндік береді» деп жазды Бир.

Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғаннан кейін ираншыл аккаунттар өздерінің әскери жетістіктерін имитациялайтын видеоларды белсенді түрде тарата бастаған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар