Дубай шоколадының контрабандасы енді Еуропаны шулатып жатыр
Германиямен шекарада 13 мың дана контрабандалық Дубай шоколады тиелген жүк көлігі ұсталды, - деп хабарлайды Orda.kz сайты Bild басылымына сілтеме жасап.
Неміс кеденшілері Чехиямен шекарада ірі көлемде контрабандалық шоколад тиелген жүк көлігін тоқтатқаны хабарланды. Көлік ішінен олар Дубайдың танымал әуес тәттісінің 13 000-ға жуық данасын, сондай-ақ контрафактілік брендтік тауарларды - киім-кешек, сағаттар мен аяқ киімдерді тапқан.
«Жүргізуші, Швеция азаматы, тауарларды Болгарияда жүктегенін айтты, бірақ оның кабинасынан тауарларды сатып алғанын растайтын құжаттар табылды, егер ол өнімді ресми түрде әкелсе, ол кедендік баж салығын төлеуі керек еді - бұл жағдайда тек шоколадтың салығы шамамен 10 000 еуро болады» деп хабарлады Дрезденнің бас кеден басқармасы.
Жүк көлігінде тәттілерден бөлек 650 қорап бал болғаны хабарланды. Нәтижесінде жүргізушіге салық төлеуден жалтарды және кеден заңнамасын бұзды деген айып тағылып, бірнеше іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, жаңғақ пастасы қосылған Дубай шоколады Еуропада нағыз трендке айналды. Бір шоколадтың құны 15 еуродан асады, ал тапшы өнімге қашан да сұраныс жоғары еені белгілі.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген