«Дрон шығарады»: Қытай Қазақстанда тағы бір зауыт салмақ

cover Фото: freepik.com

Қытай Қазақстанда 12 миллион долларға өнеркәсіптік дрондар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Зауыт салуды Yesil Technology Company, қытайлық Shaanxi Kaizhuo Electronic Technology Co., Ltd. компаниясының еншілес ұйымы жүзеге асырады. Бұл жоба 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен.

Жасалған дрондар Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарына шығады. Қазіргі уақытта әлемдік ұшқышсыз ұшатын аппарат нарығының көлемі 318,6 миллиард долларды құрайды. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 8,8 триллион доллардан асады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар