«Дос-Мұқасан» тобының әншісі Ақжол Мейірбеков қайтыс болды

cover

«Дос-Мұқасан» тобының әншісі Ақжол Мейірбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Музыкант ұзаққа созылған аурудан кейін 73 жасында өмірден озды.

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков 1950 жылы 26 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Ташкенттегі музыкалық техникум мен Ташкент ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін Ташкентте өткен «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты телевизиялық байқауда жүлделі орынға ие болып, аты озды. 

Ұзақ жылдр «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі болып, бүкілодақтық, дүниежүзілік, халықаралық фестивальдер мен байқауларға қатысып, лауреат атанды.

Кейін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген» және «Адырна» ансамбльдерінің солисті болды. 

1994-1996 жылдар аралығында «Гүлдер» ансамблін режиссер және көркемдік жетекші ретінде жақсы басқарды. 

Осы жетістіктері үшін бірнеше медальдармен марапатталған және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағын алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар