Әділдік - әрдайым кешігіп келетін пойыз

cover

Әрбір екінші қылмыскер бостандықта! Қазақстанда 2019 жылы зорлық актісі бойынша 51% қылмыстық іс бітімгершілікке келу бойынша тоқтатылған.


Әлемде зорлық актісінің, тек, 8,4%-бен 35% аралығы ғана полиция бөлімшелерінде тіркеледі. Жәбірленушілер не себепті заңға жүгінбейді? Қылмыскерлер неге жазадан оңай құтылуда? Балаларға көрсетілетін зорлық қай уақытта тоқтайды?


Бұл өзі шын ба?


Осы жылдың ақпан айында Instagram әлеуметтік желісінде 1 миллионнан аса оқырманы бар блогер 4 жасында зорлыққа ұшырағаны туралы ашық айтты.


Сол кезде блогер қызға үйленуге ұсыныс білдірген. Алайда, ол болашақ өмірі жайлы ұзақ уақыт ойланған, оған себеп - оның ер адамдардан көңілінің қалғандығы. Өзінің жазбасында неге тұрмыс құруға дайын еместігін бірнеше себептерімен жазды. Соңғысы - бала кезіндегі көрген зорлық актісі болған. Жазбасында ол былай деген:


«Сіздер менің неліктен үйлену тойымды созып жүргенімді білесіздер ме? Ішімде бір қорқыныш бар. Менің айналамдағылардың барлығы ажырасқан адамдар. Мен кімнен жақсы үлгі аларымда да білмеймін. Сонымен қоса, мен өзіме ғана сеніп үйренген адаммын! Сол себепті менің жанымда ер адамдар сасқалақтай бастайды. Осындай жағдайда мен де өзімді ыңғайсыз сезінемін. Өзімді қыз сияқты ұстап көрмеппін де.


Шынымды айтсам, бір кездері мен ер адамдардан жасқақтанғанмын. Оларды жан-тәніммен жек көрдім...


Мұның барлығы бала кезімде бастау алды. Барлықтарыңыз білетіндей, мен әкесіз өстім. Ол тірі, бірақ менің өмірімде жоқ. Анамның аяғы ауыр кезде түрлі балағат сөздер айтып, бізден кетіп қалған.


Екінші жағдай, мені анамның ағасы зорламақ болған. Мен ол кезде шамамен төртте болдым. Балалық шағымнан тек осы қорқынышты сәттер ғана есімде бар. Оның үйде тыржалаңаш жүріп, мені оны аймалауға мәжбүрлеуі... Дәл қазір ішімде ауырлық сезімі бар... Қыста мен үйден жалаңаш далаға қашып шығатынмын, себебі оның айтқанын істемегенім үшін киімдерімді тартып алатын. Ол кісі әлі де менің ата-анаммен тұрады. Сондықтан мен 15 жасымда жақындарымнан бөлек шықтым. Осы күнге дейін ата-анамнан ештеңе сұрамадым, сұрамаймын да деп ойлаймын».

Жазбада артық сөздің қажеті жоқ. Бұл медиа тұлғаның жазбасы. Ондай жағдай негізінен жиі орын алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әрбір бесінші әйел және әрбір он үшінші ер адам бала кезінде жыныстық зорлық-зомбылық әрекетіне ұшыраған. Алайда, оқиға өткеннен кейін қылмыскерді ешкім жазаға тарта алмайтындығын еске салғымыз келеді.


Билік оған не дейді?


2020 жылдың 24 тамызында ҚР Ішкі Істер Министрлігі «Балаларды қорғаңыздар» («Берегите детей») фильмін жариялаған. Фильмде біздің қоғамдағы «табу» тақырыпты алға тартып, ересектерді балаларға қарсы жасалған қылмыстық актілерді жасырмауға шақырды.


Биліктің бір ұшы бала құқығын қорғауды жөн көрсе, ал енді бірі бұл тақырыпты ары қарай жасырын ұстауға себепкер болып келеді.


Жақында «12 жасар қызды зорлаған күдікті түрмеден құтылып кетті» деген жаңалық қоғам арасында қызу талқыға түскен. Осындай жағдайлардан кейін зорлық актілері тіркелмей, қылмыскерлер жазасыз кете ме деген қорқыныш туындайды.


Алайда, қыста елімізде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға  көрсетілген жыныстық зорлық-зомбылық актісі бойынша жазаны ауыр қылмыстар санатына қосты. Заң бойынша зорлаушы 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырыла алады.


Жыл басынан бері елімізде 20 жылға - бес және өмір бойына бас бостандығынан - бір адам айырылған. Жалпы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға көрсеткен жыныстық зорлық-зомбылық актісі бойынша 1868 адам абақтыға қамалды. Сонымен қатар, Қазақстанда қаңтар - қыркүйек айларында балаларға көрсетілген зорлық салыстырмалы түрде 49%-ға өскен.


Уақытылы жазаланбау неге әкеледі?


Педофилия туралы психоанализ институтының директоры Анна Кудиярова өз тәжірбиесі жайлы айтып берді:


Instagram-нан алынған фото


«Менің 20 жылдық тәжірбиеме сүйене келе, маған жиі басы бос жас қыздар көмекке жүгінетіндігін байқадым. Көбісінің мәселесі - бала кезде көрген жыныстық зорлық-зомбылық актісі, жәй ғана зорлық актісі емес үй жағдайындағы педофилия. Еліміздегі педофилдердің 80%-ы жәбірленушінің жақыны.


Біз қазір баланы зорлау актісі бойынша кино түсіруді жоспарлап отырмыз. Ол халықтың қаражатына және оның мүддесіне түсірілмек. Қоғам бұл тақырыпты құпия түрде, ұстаған сайын жәбірленуші балалар саны арта бермек. Дүние бірде-бір баланың көз жасына татымайды. Кино жайлы толығырақ білгіңіз келсе немесе қолдау көрсеткіңіз келсе менің Instagram парақшамды қарай аласыздар.


Қазіргі таңда бала кезінде зорлық көргендер отбасын құрып, ана бақытын сезінгілер келеді-ақ. Бірақ олар ешкімді жақсы көре алмайды. Адамдардан жасқанады. Мұндағы қателік - ата-ананың баласы үшін ең жақсыны тауып беремін деп, оның ішкі жағдайын мүлде ұмытып кетуі. Көп жағдайда үй жағдайындағы жасырын педофилизмде ата-ана бар, бірақ ол ештеңе білмейді. Егер сіз балаңызға сұрақ қойып, оның ішкі жағдайына үңілсеңіз бала ашылады. Мәселені туындаған кезде шешу керек, болашақта онымен күресу қиындай береді».


"Неге артынан ердің?"


"Педофилияны адамдардың оған деген қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы алдын алуға болады. Жаппай түсіріліп жатқан бейнероликтер мен фильмдер баланың мінез-құлқының қалыптасуына дәл ата-анасының қоятын тыйымы сияқты әсер етеді. Әдетте, балалар бейтаныс адаммен байланысқа әке-шешесінің махаббаты мен мейірімі жетпегендіктен түседі. Бала бейтаныс адам оған жетіспей жүрген ата-ананың жылулығын беретіндей көреді. Бастпақыда бала мен ересек адамның қарым-қатынасы мейірімділік пен сүйіспеншілікке негізделеді, кейіннен ол зорлық пен манипуляцияға айналады", - дейді «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Зульфия Байсакова.


Біліп жүріңіз!


Егер қылмыс болса, онда жаза да барын ескеру керек. ҚР-ның территориясында зорлық актісіне:


  • «Зорлау»(Қылмыстық Кодекстің 120 бабы);
  • «Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті»(ҚК 121 бабы);
  • «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау»(ҚК 122 бабы);
  • «Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету»(ҚК 123 бабы);
  • «Жас балаларды азғындық жолға түсіру»(ҚК 124 бабы) бойынша жазалар қарастырылған.


Егер де сіз немесе сіздің жақыныңыз зорлық құрбанына айналса:


  • 102 (полиция бөлімі);
  • 103 (жедел жәрдем бөлімі);
  • 111 (сенім телефоны);
  • 150 (сенім телефоны) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!


Еске салсақ, Қазақстан жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті бойынша ТМД ішінде бірінші орында.


Барлығы өз қолымызда!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар