«Даттың» бұрынғы бас редакторы Нұртаза Қадырниязовты полиция үйінен ұстап әкетті
Фото: ашық дереккөздерден
Алматыда философия ғылымдарының кандидаты Нұртаза Қадырниязовты полиция үйінен ұстап әкетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпаратты белсенді Абзал Достияр өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, Қадырниязов өзі хабарласқан сәтте үстінен біреудің арыз түсіргенін ғана айтып үлгерген.
Ғалым жуырда Қойшыбек Мүбарак атты журналистке берген сұхбатында Қытаймен визасыз режимді, елге кірген қытай азаматтарының санын және жер мәселесін көтерген.
«Визалық режим жойылғаннан бері 928 мың қытай азаматы елге кірді. Билік бейқам отырса, салдары ауыр болуы мүмкін. Жер мәселесіне қатысты президент Тоқаев халық алдына шығып жауап беруі керек», — деген еді.
Қадырниязов соңғы жылдары қытайлық азаматтарға ірі жер телімдері беріліп жатыр деп дабыл қағып жүрген белсенділердің бірі.
Қазір ғалымды бір топ полиция қызметкері Әуезов аудандық полиция басқармасына алып кеткені белгілі.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты