«Дарындағы» жанжал. Оқушылар жұмысы қалай бағаланады

cover

«Дарын» мектебіндегі олимпиада. Элитарлы және жабық Алматылық [tooltip title='Расшифровка' body='Ғылыми-өндірістік орталық']ҒӨО[/tooltip] -ға қатысты даулы мәселелер пайда болды.

Orda.kz журналисі «Дарынға» қатысты дауды, әлеуметтік желілерде ашуланған ата-аналар жазбасын, сондай-ақ жас дарындар неліктен әділеттілікке сенбейтіндерін талдады.

Биыл олимпиада нәтижелері алғаш рет жұртшылыққа ашық жарияланды. Бұл ата-аналар мен оқушылар арасында үлкен дау тудырды. Мектептегі олимпиада нәтижелеріндегі құпиялыққа әсер еткен... карантин. Білім беру мен олимпиада онлайн режимінде өткізілген. Сондықтан, конкурс тарихында алғаш рет оқушылардың жауаптары мен сканерленген жауап нұсқалары «Дарын» орталығы сайтында жарияланды.

Как Айдана победила «Дарын»

Ата-аналар ұпайларды көріп, санап қана қоймай, балаларының қорытындыларын қазылар алқасының нұсқасымен салыстыруға мүмкіндік алды. Осының бәрі жанжалдың туындауына сбеп болды. Қазылар алқасы мүшелері 23 ақпандағы хаттамада мәлімдегендей биология олимпиадасының жеңімпазы 36 бал емес, 11 бал жинаған. Жауаптардың соңғы беті толығымен басқа қолжазбамен жазылған. Бірақ қазылар алқасының мүшелері мұны ескермеген.

Как Айдана победила «Дарын»
36 бал жинаған 10 сынып оқушысының қолжазбасы
Как Айдана победила «Дарын»
Соңғы беттегі қолжазба

Қазылар алқасы басқа оныншы сынып оқушысы Айдана Имамбаеваның жұмысын 23 баллмен бағалап, тоғызыншы орын берген. Оқушы қазылар алқасының шешімімен келіскен жоқ.

Конкурсқа қатысушының әкесі Тимур Имамбаев әділдік үшін күресу керек деп шешті. Оныншы сынып оқушысы жұмысын апелляцияға берді. «Дарын» орталығында мәселені шешуге уәде берді, бірақ жауаптары бар дәптерлердің түпнұсқаларын көрсетуден бас тартты. Апелляциялық процедураны жабық режимде онлайн өткізді – қазылар алқасы мүшелері өз мониторларындағы камераларды қоспады.

Айдананың әкесінің айтуынша, мұғалімдердің қылықтары оған біртүрлі көрінді: қызды дұрыс тындамады, оның дәлелдері қызықтырмады, ал қыздың табандылығына ашулары келген. Айдананы ZOOM конференциясынан шығарып жіберу де қарастырылды. Нәтижесінде, аздап болсын ұпай қосылды.

Дегеніне жетті десе болады... Бірақ оқушы оның білімі «Дарында» бағаланғаннан әлдеқайда жоғары екеніне сенімді болды.

Ата-аналар офлайн режимде тағы бір қайта қарауды талап етті. Екінші апелляция «Дарын» орталығының директоры және қазылар алқасының өкілі Римма Ізбасарованың қатысуымен өтуі тиіс еді. Алайда, қазылар алқасының мүшесі орталыққа келмеді, сондықтан екінші аппеляция да қашықтықтан ZOOM-да өтті. Ата-анасының айтуынша, ол тек төрт проблемалық мәселені мойындады. Олардың үшеуі бойынша шағымдарды мойындады, тағы бір мәселе даулы санатқа түсті. Ізбасарованың қатысуымен өткен аппеляция аяқталды. Нәтижесінде оныншы сынып оқушысына үш ұпай қосылды.

Ата-аналар жеңіске жеттік деп ойлады. Бірақ, апелляция нәтижелері жазылған хаттама жарияланбады.

«Дарын» мұғалімдері қыздан кешірім сұрап, баллдардың дұрыстығына күмән келтірмеді.

Нәтижелерді дұрыс есептеу үшін Айдананың ата-анасы тәуелсіз сарапшыға жүгінді. Оның есептеуінше Айдана кем дегенде 30 балл, ал жеңімпаз 11 балл жинаған.

Барлық талқылаулардың, екі апелляцияның және өтініштердің қорытындысы бойынша Айдана 30 балл алғанын және қалалық олимпиадада бірінші орынға лайықты екенін дәлелдей алды. Ендігі жерде талантты да, талапты қызды республикалық олимпиада күтіп тұр.

«Дарын» орталығы олимпиадаларына қатысу мен жеңіске жету түлектерге қандай мүмкіндік береді?

Жеңімпаздар мен қатысушылар жоғары оқу орындарына түсу кезінде тек қазақстандық қана емес, шетелдік ЖОО квотасына ие болады. Жүлделі орындарға ие болған оқушылардың мұғалімдері грамоталар мен аттестаттаудан өтуге және санатты растауға мүмкіндік алады.

Муниса Табарова, республикалық олимпиадалардың қатысушысы, жүлдегері, қазір шетелдік университеттің студенті. Ол жүлделі орындарды бөлудегі әділетсіздік, мүдделер қақтығысы өңірлік олимпиадада үнемі болып тұрады дейді. Оның ойынша, мәселені шешу үшін қазылар алқасын таңдау жүйесін өзгерту керек.

Как Айдана победила «Дарын»
Муниса Табарова, «Дарын» олимпиадаларының қатысушысы

— Пән мұғалімдері өз оқушыларына жиі жүлделі орындар береді. Бұған күмәнданудың қажеті жоқ, өйткені дәл осы балалар республикалық олимпиадалар кезінде соншалықты төмен балл жинайды.

Муниса Табарова республикалық байқауға ешқандай шағым түспейтіндігін былай түсіндіреді: Нұр-Сұлтанда олимпиада кезеңдері барынша ашық өтеді, барлық оқушылар тең және әркімнің өз білімімен жүлделі орын алуға мүмкіндігі бар. Ал Алматыдағы байқау кезеңдері әділетсіз өтеді.

— Алматыдағы жарыстар бір жыл да апелляциясыз өткен емес. Бірақ әділетсіздікті дәлелдеу мүмкін емес. Оқушылар апелляцияға ата-анасыз жіберіледі. Процедураның өзі сұрақ тудырады. «Дарынның» соңғы жаңалықтарына қарасақ, жағдай өзгермеген көрінеді. Көптеген оқушылар өздерінің білім деңгейін дәлелдей алмай, жылап шығатын. Мен мықты мектепте оқыдым, біздің оқушыларымыз үнемі жүлделі орындарға ие болатын. Бұл ретте әу бастан біз қазылар алқасының конкурсқа дейін біздің мектебімізге көптеген жүлделі орындарды бермеу туралы уағдаластығы бар екенін білдік.

Биология пәні жалғыз мәселе емес, биылғы жылы ағылшын тілі байқауы да дау тудырды. Қатысушылардың бірінің әкесі Игорь Сабитов FВ парақшасында оның қызы алдымен бірінші орынға ие болғанын, содан кейін нәтижелер өзгергенін жазды.

Orda.kz редакциясы «Дарын» республикалық орталығына тәуелсіз сарапшылар мен қазылар алқасы берген ұпайларда неліктен қатты айырмашылық болатының түсіндіруді сұрады.

«Дарын» республикалық орталығының директоры Ақжол Боранбай ағылшын тіліне қатысты дау туралы білетінін айтты.

Как Айдана победила «Дарын»
Ақжол Боранбай, «Дарын» республикалық орталығының жетекшісі

Иә, мен ағылшын тілі пәніне қатысты мәселені естідім. Біз үшін олимпиадалар мен «Дарын» орталығының беделі өте маңызды. Бірақ өңірлік қазылар алқасы құрамын таңдауға ықпал ете алмаймыз, өйткені өңірлік орталықтар білім басқармаларына, ал олар өз кезегінде әкімдіктерге бағынады. Қазылар алқасының құрамын республикалық орталық таңдамайды.

Ақжол Боранбай қалыптасқан жағдайға алаңдаулы.

— Өңірлік олимпиадалар ертең ел намысын халықаралық деңгейде қорғайтын дарынды балаларды іздеуге көмектеседі. Біз не болғанын және оқушылардың қайсысы дұрыс есептелмегенін анықтау үшін бар күшімізді саламыз. Барлық «Дарын» орталықтарының беделі осыған байланысты.

Қалған оқушылардың нәтижелері не болды? Қателіктер бар екеніне қарағанда басқа да оқушылар әділетсіздікке тап болды ма?

Әзірге Алматы орталығының басшылығы мұндай жағдай орталықта алғаш рет болды деп сендіріп отыр.

Orda.kz редакциясы «Дарын» ҒӨО қызметін бақылауды жалғастыруда.

Авторы: Сәуле Саденова

Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар