Дәрігерді балағаттаған қостанайлыққа заңды түрде ішуге тыйым салынды

cover Фото: Pexels

Лисаков тұрғыны ауруханада хирургты балағаттап, бес тәулікке қамауға алынды.

Бұл туралы Қостанай полиция департаменті хабарлады.

Қостанай облыстық сотының хабарламасында айтылғандай, 25 маусымда Лисаков қалалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне ер адам масаң күйде өзіне көмектесіп жатқан хирургке дөрекі сөздер айтқан.

Дәрігер полицияға арыз жазды. Дөрекілік танытқан науқасқа қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Лисаковский қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы үш ай мерзімге алкогольдік өнімдерді тұтынуға тыйым салумен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар