Дариға Назарбаевa әуежайда немерелерімен бірге жүр

cover Фото: Сырым Итқұлов

Дубайдан Астанаға ұшқан Дариға Назарбаева әуежайда немерелерімен бірге бой көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы блогер Сырым Итқұлов өзінің телеграм арнасында жазды. Итқұловтың сөзінше Дариға Назарбаева Дубайдан Астанаға немерелерімен бірге ұшпақ болғанда көзге түсті.

Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін мәжіліс депутаты мандатын өзі тапсырып, саяси әлемнен алыстады. 

Сонымен қатар, осыған дейін мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 қаулыға өзгерістер енгізуді көздейтіні айтылды. Ұсынылған өзгеріске сәйкес, кеңес құрамынан бірнеше танымал тұлға шығарылмақ. Олардың қатарында Дариға Назарбаева бар.

Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасынан бірінші президент пен оның қыздары және күйеу баласының ЖСН нөмірлері жоқ екенін анықтаған болатын. Топшылап көрсек, бәлкім бұл азаматтар Қазақстанда тұрмауы мүмкін. Себебі ЖСН-нің күшін жоюдың бір себебі — азаматтың тұрақты тұру үшін басқа мемлекетке көшіп кету.

Сондай-ақ, Алматының экс-әкімі  Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті. Бауыржан Байбектің Жапонияда түскен суретін Bakordamems инстаграм парақшасы жарияланды.  Парақшада экс-әкімнің сакураның гүлдегенін көруге ұшып кеткені жазылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар