Дариға Назарбаева қарапайым депутат болды

cover

Дариға Назарбаева Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетіне мүше болды.

Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің басшысы Альберт Рау оған мүше болған депутаттардың аттарын оқыды.

«Ұсынылған өтінімдерге сәйкес, сізден Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне келесі депутаттарды сайлауды сұраймын», - деді Альберт Рау.

Комитет құрамына Самат Ақышев, Ғалым Әміреев, Жамбыл Ахметбеков, Сырым Ертаев, Ғазиз Құлахметов, Самат Мұсабаев, Дариға Назарбаева, Ерлік Әмірғали, Азат Перуашев, Амерхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Хамедаев кірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар