Дәрігерлер covid-19-бен ауырған науқастарға тамақ әкелмеуді сұрады

cover

Алматыда дәрігерлер covid-19-бен ауруханаға жатқызылған пациенттердің туыстарынан оларға тамақ әкелмеуін сұрады. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали мәлімдеді.

— Науқастардың туыстары ауруханаға қуырылған бәліштер әкеліп жатыр. Адам жансақтау бөлімінде жатса ол қалай қуырылған бәліш жейді? Мен туыстарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды өте жақсы көретіндеріңізді түсінемін, бірақ аурухана режимін бұзуға болмайды. Ауруханада берілетін тамақтар адамға ыңғайлы әрі жеткілікті, метаболизм процестері ескерілген мәзірде жасалады. Сондықтан ауруханаға үлкен пакеттерді алып жүрудің қажеті жоқ. Науқас тамақтануға емес, емделуге барады, - деді Лаура Мырзағали.

Ол ауруханаға жатқызылған науқастардың туыстарынан жақындарына тамақ әкелмеуін өтінді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар