Бұрынғы математика мұғалімі есірткі тасымалдады деген күдікке ілінді

cover Фото: Fotokto.ru

Бұрынғы математика мұғалімі синтетикалық есірткі тасымалдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, экс-мұғалім Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі тасымалдаған.

«Ұсталған адамның есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрынғы математика мұғалімі болып шықты», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Күдікті Талапкер ауылының жанындағы трассада арнайы үйретілген иттің көмегімен ұсталды. Көліктің артқы орындығындағы сөмке ішінен салмағы 1 келі болатын мефедрон пакеті табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, қаңтар айында Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар