Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Фото: gov.kz
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына жеткізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ulysmedia telegram-арнасы хабарлады.
2025 жылғы 10 маусымда бұрынғы қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов қамауға алынып, Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Elmedia дереккөздерінің айтуынша, министрді ҰҚК ұстады.
«Біздіңше, бұл қаржы жымқыруға қатысты болуы мүмкін», – деп нақтылады дереккөз.
NEGE дереккөздерінің хабарлауынша, тінту шаралары таңертең өткен, қазір экс-министр үйінде.
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың өзі ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны туралы Tengrinews тілшісіне айтты.
Ең қызығы, бұрынғы қорғаныс министрін ұстау туралы жаңалық Бас прокурордың жазбасымен тұспа-тұс келді.
Берік Асылов Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен бірлесіп «Әскердегі Заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» атты екі жаңа жобаны енгізуді тапсырғанын жазды.
Еске сала кетейік, 6 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен алып тастаған еді.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды