«Бұл істе аса қатігездік көрмедік деді»: Айзат Жұманованың туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады
Коллаж: Orda.kz
Талдықорғандағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты резонансты істің нүктесі қойылып, сот айыпталушыны 14 жылға соттағанымен марқұмның жақындары бұл шешіммен келіспей, президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм Жұманованың туыстарының айтуынша, істі 99 баптың 2 тарауымен қайта қарау керек, себебі сараптама қорытындысында көрсетілген жарақаттар осыған дәлел бола алады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, тергеу және сот барысында бірнеше мәрте істі 99 баптың 2 тарауымен саралауды сұрадық. Алайда, өкінішке қарай, тергеу кезінде ештеңе анықталмады, сот барысында да беттестіру жүргізілмеді, куәгерлердің жауаптары қарама-қайшы болды. Куә мен бейнетаспа болмады деген сылтаумен «Бұл жерде аса қатігездікті көрмедік», деп болжам жасағаны дұрыс емес. Сараптама қорытындысында көрсетілген жарақаттар назардан тыс қалды. Сол себептен сізден осы істі назарға алуыңызды сұраймыз» , — деді марұмның туысы Раушан Дәуренбекова.
Жұманова жанұясының адвокаты Арман Шәріпов қазіргі таңда іске қатысты апелляциялық шағым түсіргенін жеткізді.
«Жалпы біз бұл іске қатысты әу баста, тергеу барысында және сот басталғанда асқан қатігездік белгілері бар деп бір емес бірнеше рет өтініш-хат білдірдік. Өкінішке қарай, ішкі істер басқарамасы мен прокуратура қызметкерлері біздің өтіншімізді қанағаттандырмады. Қатігездік белгілерін көрмеді ме, әлде көз жұмды ма, ол жағы біз үшін жауабы жоқ сұрақ болып қалды» — деді Шәріпов.
Айта кетейік, 9-қаңтар күні Талдықорған қаласында әйелін өлтірген 33 жастағы Айбар Жанболат қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап негізінде 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.
Еске салсақ, тергеу деректері бойынша 33 жастағы ер адам мас болып, үйінің маңында әйелін аяусыз ұрып-соғып, тепкілеген. Жұманова есінен танып қалса да, күдікті оны ұра берген. Артынша Айбар Жанболат қансыраған әйелін ауруханаға өзі алып барыпты.
Сондай-ақ, марқұмның туыстары істі не себепті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі — «Аса қатігездікпен адам өлтіру» бойынша қайта қарауды талап етіп отырғанын Qazaq ordasy YouTube арнасына айтып берді. Толығырақ Qazaq ordasy арнасынан көріңіздер.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен