Боранбаевтың компаниясы «QazaqGaz» еншілес ұйымына айналды

cover Фото: instagram/Kairat Boranbayev

Олигарх Қайрат Боранбаевтың бұрынғы «АзияГаз Чунджа» компаниясы «QazaqGaz» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымына айналды, деп хабарлайды Orda.kz.

2024 жылдың қыркүйегінде қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитеті «АзияГаз Чунджа» компаниясын «Самұрық-Қазына» қорына, ал одан әрі QazaqGaz компаниясына тапсырды.

Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаев 2023 жылдың қазан айында тергеу барысында «АзияГаз Чунджа» компаниясын мемлекеттік мүлік комитетіне сыйға тартқан болатын. 12 қарашадан бастап компания QazaqGaz ұлттық компаниясының 100% еншілес ұйымы болды.

«АзияГаз Чунджа» ЖШС 2014 жылы құрылып, тауарлық газды тасымалдау және сатумен айналысады. Ұлттандыру кезінде Қаржы мониторингі агенттігі компанияның құнын 14 млрд теңгеге бағалаған.

Боранбаевтың тапсыруы оның QazaqGaz ұлттық компаниясы қаражатын ұрлау ісі аясында жүзеге асты. Залал сомасы 14 млрд теңге болды.

Боранбаев 6 жылға сотталған еді, бірақ 2023 жылдың қарашасында ол шартты түрде бостандыққа шықты: қалған жаза мерзімі бостандықты шектеуге ауыстырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар