Боранбаевқа тиесілі Астанадағы қонақ үй америкалықтарға берілді
Фото: Orda
Бұған дейін сотталған олигарх Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне берген «Comfort Hotel Astana» қонақ үйін сенімгерлік басқаруға кім алғаны белгілі болды.
Аукционның жалғыз қатысушысы және жеңімпазы америкалық инвестициялық басқарушы компанияның қазақстандық өкілдігі болды.
Аукционды ұйымдастырушы Астана әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ақпаратына сәйкес, аукционға бір ғана өтінім түскен. Осылайша қонақ үйге қызығушылық танытқан жалғыз компания автоматты түрде аукцион жеңімпазы атанды.
Comfort Hotel Astana-ны кейіннен сатып алу мүмкіндігімен сенімгерлік басқару құқығын «Invesco PowerShares Capital Management» ЖШС алды. Бұл компания Астанада 2021 жылы тіркеліп, соңғы рет 2024 жылдың наурызында қайта тіркелген. Компанияның жалғыз құрылтайшысы – Әсел Мамырәлиева.
Шамасы, әңгіме Invesco тобына кіретін және Чикагода орналасқан америкалық Invesco PowerShares компаниясының қазақстандық бөлімшесі туралы болып отыр. Оның мамандығы биржалық сауда қорларын (ETFs) басқару. Компания өз клиенттеріне әртүрлі активтерге, соның ішінде шағын бизнеске инвестициялауға мүмкіндік береді.
"Invesco PowerShares" - фирмалық атау. Оны Иллинойс штатында орналасқан бас компаниясының тікелей рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Бұдан «Invesco PowerShares Capital Management» ЖШС америкалық ұйымның Қазақстандағы ресми өкілдігі деген қорытынды жасауға болады. Бәлкім, шетелдік инвесторлар қонақ үйді дамытуға одан әрі инвестиция салуға мүдделі.
«Comfort Hotel Astana» ЖШС Қайрат Боранбаев 2023 жылы босату үшін мемлекетке өткізген активтердің бірі болды.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген