Болат Мажағұлов сотталды

cover Фото: Үкімет

Күн су бұрқағы ісі бойынша Болат Мажағұлов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Екінші айыпталушы құрылыс компаниясының басшысы Мәди Қанапин өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Мәди Қанапин қаладан шықпау туралы жазбаша міндеттемемен сот залында қамауға алынды.

«Болат Мажағұлов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе аса ірі мөлшерде жымқыру») көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылып,  өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айрылып, қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді» деп мәлімдеді судья Әсел Мұқышова.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар