БҚО Ұялы ауылына ұшқышсыз ұшатын дрон құлады
Фото: «Мой город»
18 ақпанда Бөкейорда ауданына қарасты Ұялы ауылының шетінде құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мой город» мәліметінше, оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді жергілікті тұрғындар бөлісіпті. Кейінірек, ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады.
Ұшу аппаратының ұзындығы – 120 см. Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл құрылғы француздық «Sagem» компаниясы әзірлеген «Crecerelle» барлау дронына өте ұқсас.
Қазір дрон Қазақстан әскери күштеріне тапсырылды, ол облыс орталығы – Орал қаласына жеткізілді. Біз бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін БҚО полиция департаментіне жүгіндік.
«БҚО Бөкейорда ауданы Ұялы ауылы маңынан ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас заттың табылуына байланысты полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп жатыр», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Бөкейорда ауданында Ресей Федерациясына тиесілі «Капустин Яр» әскери полигоны орналасқан. Өткен жылдың қазан айында Ресей әскери техникасы осы полигонға барар жолдағы Сайхын ауылында газ құбырын зақымдаған болатын.
Өңір әкімдігі сол кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес, РФ қарулы күштерінің әскери техникасы Қазақстан аумағы арқылы өтуге құқылы екенін түсіндірген еді.
Жаңалықтар
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім