БҚО тұрғыны өзінің «қайтыс болғанын» банк қызметкерінен естіді
Фото: Бейнеден кадр
БҚО Жаңақала ауданының тұрғыны Айтасова Гүлайна банктегі несиесін төлеу кезінде өзінің 4 маусымда Астана ауруханасында қайтыс болып кеткенінен хабар алады.
Бұл туралы Мой город хабарлады.
«Несиемді төлейін деп ақша аударған едім, ол өзіме қайтып келді. Сосын банк операторына хабарластым. Ол маған «сіз 4 маусымда Астанадағы ауруханада қайтыс болғансыз, маған осылай шығып тұр» деді. Енді несие төленбеген соң, өсімпұл қосылып кете ме деп уайымдап отырмын. Бірақ жалақымды алдым, шоттарым ашық. Мен Жаңақала ауданы бойынша тірі адаммын», - дейді тұрғын.
Сонымен қатар Айтасова Гүлайна қан қысымы сырқаты бойынша бұрыннан есепте тұрғаны мәлім болды. Қазір аурухандан дәрі алайын десе, дәрігерлер оған «қайтыс болғанын» айтқан.
«Шілденің 4 -де Астанадағы медициналық мекемеде әйел қайтыс болды. Медициналық ұйым қызметкерлері мәліметтерді базаға енгізу барысында ЖСН-нің бір санынан қате жіберген. Қайтыс болған адам деп Батыс Қазақстан облысының тұрғыны тіркеліп кеткен. Кеткен қателікті дәл сол медициналық ұйым түзетеді», - деп түсіндірді Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды