БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні көлігімен қағып өлтірді

cover Фото: Polisia.kz

БҚО-да полиция қызметкері әйел адамды көлігімен қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz Мой город сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қайғылы жол апаты 24 қаңтар күні Тасқала ауданында болған. 

«Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп нақтылады полиция. 

Тергеу барысында көлікті басқарған сол ауданның полиция бөлімінің қызметкері екені анықталды. Ол ішкі істер органындағы қызметінен босатылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар