Бишімбаевтың ата-анасы туыстарын сотқа берді

cover Фото: Наталья Грэйс YouTube-арнасынан скриншот

Бишімбаевтар отбасының адвокаты Ерлан Ғазымжанов әлеуметтік желідегі парақшасында азаматтық істегі жеңіс туралы хабарлады. «Орда» редакциясы адвокатпен байланысып, сот процесінің мән-жайын білді.

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы оның әкесінің туысы — Қайрат Кемеловке қарсы ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау туралы талап-арыз түсірген. Кемелов — бұрынғы экономика министрінің әкесі Уәлихан Бишімбаевтың немере інісі және, тиісінше, Қуандықтың  ағайынды туысы болып келеді.

Талап-арызға Кемелов айтқан мәлімдемелері себеп болған. Ол — 16 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер-сот-медэксперт.

Бір ютуб-арнаға берген сұхбатында Кемелов Салтанаттың қайғылы қазасынан кейін және сот процесі кезінде Бишімбаевтың ата-анасы одан сот-медициналық сараптамалар қорытындысына ықпал етуді бірнеше рет сұрағанын айтқан.

Олардың талабына Тахир Халимназаровқа жүгіну де кірген екен. Алайда Кемелов бұған келіспей қойған. Осыған байланысты Қуандықтың анасы Әльмира Нұрлыбекова ренжіп, кек алу мақсатында Кемеловтің жұбайына қарсы қылмыстық қудалау ұйымдастырды деген болжам айтылған.

Астана қаласының азаматтық соты бұл істі қарап шығып:

«Кемелов айтқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді. Сот осындай мәлімет айтылған YouTube-арнадаға жазбаны жоққа шығаруға міндеттеді», — деді Ерлан Ғазымжанов. 

Аталған сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар