«Біреуі қайтыс болды»: Петропавлда екі үйсіз әйел жылу жүйесінің ішінде өртеніп кете жаздады
Фото: freepik.com
Петропавлда тұрғылықты жері жоқ екі әйел жылу коллекторының ішінде өртеніп кете жаздады. Нәтижесінде екеуі де қатты күйік алған. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үйсіз әйелдер көпқабатты үйлердің бірінің жанында тұрған. Олар сол жерде түнеп, темекі шеккен. Болжам бойынша өрттің себебі – темекі тұқылы болуы мүмкін.
Өрт сөндірушілерді көпқабатты үйдің тұрғыны шақырған. Ол жылу коллекторының маңынан қалың түтін шыққанын көрген.
«Коллектордың ішінен екі әйел табылды. Олар құтқарылып, жедел жәрдем дәрігерлеріне жеткізілді. Өртті сөндіруге жеті қызметкер мен екі техника қатысты», деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарылған екі әйелдің де жағдайы ауыр. 36 жастағы әйелдің денесінің 80 пайызы күйген. Сонымен қатар, оның тыныс алу жолдары күйіп, көміртегі тотығымен уланған. Бұл әйел ауруханада қайтыс болды. Ал 29 жастағы досы ауыр халде жатыр; дәрігерлер оның денесінің 60 пайызы күйгенін хабарлады.
Полиция әйелдермен бірге бір ер адамның болғанын анықтады. Ол өрт шыққанда қашып үлгерген, бірақ кейін полиция қызметкерлері оны ұстады.
Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз киімінің бренді мен бағасы туралы журналист сұрағына жауап беруден бас тартты.
Жаңалықтар
- ШҚО-да кәріз құдығына түскен 3 жұмысшы уланып қалды
- Ақтөбеде әдейі жалған ақшамен төлем жасап, алаяқтыққа барған әйел сотталды
- ҚМА төрағасы президентке қылмыстық табысқа қарсы күрестегі атқарылған жұмыстарды баяндады
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды