Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты

cover Фото: Pixabay

Қазақстанның Экономика министрлігі 2025 жылғы қорытынды бойынша Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Министрліктің мәліметінше, біраз негізгі салада инвестицияның айтарлықтай өскен.

  • электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен жабдықтау саласында-53,1%;
  • ауыл шаруашылығында-53%;
  • өңдеу өнеркәсібінде-30,1%;
  • ақпарат және байланыс саласында-13,4%; б
  • ілім беруде-9,2%;
  • көлік пен қоймада-9%.
«Инвестициялық белсенділіктің өсуі шетелдік инвестиция ағынымен де қолдау тапты. 2025 жылғы 9 айда Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 14,9 млрд долларға жеткен. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен (13,4 млрд доллар) салыстырғанда 10,9%-ға артық», деп жазды Экономика министрлігі.

Министрлік Қазақстанда инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесі – сыртқы, орталық және өңірлік деңгей жұмыс істеп жатқанын да жазды. Инвесторлармен жұмыс істеуде әлеуетті әріптестерді іздеуден және келіссөздер жүргізуден бастап, жобаларды іске асыруға және оларды одан әрі сүйемелдеуге дейінгі кешенді тәсіл енгізіледі.

Оқи отырыңыз:





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар