Билік «АрселорМиттал Теміртауды» жыл сайын көмір өндірісін жаңғыртуға ақша бөлуге міндеттеді

cover Фотоколлаж Azattyq Rýhy

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шахтинскідегі апаттан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен келісімшарт қайта қаралғанын айтты. Олар жыл сайын 187 млрд теңгеге міндеттеме алған.

Ол компанияда бұрын мұндай міндеттеме болмағанын атап өтті. Жаңа талаптар басқа жер қойнауын пайдаланушыларға да қатысты болады.

- Жалпы, біз қазір өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан заңнаманы жетілдіру бөлігінде жаңа стандарттар әзірлеп жатырмыз. Олар мемлекет тарапынан бақылау шараларын күшейтуге бағытталған осындай өндірістердің иелері мен басшыларының жауапкершілігін арттыруға, осындай қауіпті өндірістерді материалдық-техникалық қайта жарақтандыруды қаржыландыру көлемін заңнамалық тұрғыдан бекітуге бағытталған. Бұл компаниялардың жалпы кірісінің кем дегенде 1%, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев маусым айында бір топ депутаттар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайту туралы заң жобасын дайындағанын еске салды. Онда инспекторлардың өкілеттіктеріне жоспардан тыс тексеру мүмкіндігін енгізу ұсынылды.

- Барлығымыз бірігіп, осындай төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғаларға жауапкершілікті күшейтетін нормаларды қабылдауымыз керек. Бұл нормалар Қазақстанда мұндай оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін жұмыс істейді деп сенейік. Барлығы үшін бірлесіп жылдам және тиімді жұмыс істеу маңызды, - деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар