Басына оқ атқан: ШҚО да әскери қызметкер өзіне қол жұмсады

cover

3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметкері өзін атып өлтірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

 – 29 Мамырда бекетте қызмет ете отырып, 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов өзіне бекітілген қарудан басына оқ атып, қайтыс болды, - деді баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалғаны белгілі. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.

– Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 3477 әскери бөлімі Өскеменде орналасқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар