Баланы мектепке дайындауда 43 мың теңгені қалай алуға болады
Фото: Pexels
Жалпыға бірдей оқыту шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы балаларды жыл сайынғы қолдау жалғасуда, деп хабарлайды Балалар құқықтарын қорғау комитеті.
2024 жылы жалпыға бірдей білім беру қоры 500 мыңнан астам баланы қамтиды. Олардың қатарында АӘК алатын отбасылардан шыққан оқушылар және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан оқушылар бар.
"Білім министрлігі көмек көрсету тетігін жақсарту бойынша шара қабылдады, соның ішінде ата-аналардың есеп-шоттарына ақша аудару. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алу болмайды. Қазіргі уақытта киім−кешек пен мектеп керек–жарақтарын сатып алу үшін әрбір білім алушыға ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде - 43 407 теңге белгіленген", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бала құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанов.
Соңғы үш жылда материалдық көмек көлемі 2,5 есеге – 17 мыңнан 43,5 мың теңгеге дейін ұлғайды, бұл мемлекеттік қолдаудың өсуі мен әлеуметтік осал топтардағы балалар үшін жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.
Қазір өңірлерде мектеп керек-жарақтары мен қажетті тауарларды сатып алу үшін қаражат аударылуда. Осы уақытқа дейін 77,8 мыңнан астам баланың ата-аналарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты