Балаларын терезеден лақтырған әйел мен 7 жастағы баласының жағдайы белгілі болды

cover Фото: Orda.kz

Павлодарда анасы терезеден лақтырған 7 жастағы баланың жағдайы тұрақтанды. Ал әйелге енді ота жасалады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері терезеден құлаған үлкен баланың жағдайы туралы айтты. Қазір бала травматология бөлімінде жатыр екен. Баланың жағдайы тұрақты. 

Ал оның анасының жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Ол политравма бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер әйелді отаға дайындап жатыр.

Еске салайық, 30 шілде күні Павлодар қаласында бір әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып, кейін өзі де секіріп кетті. Әйелдің бір жарым жастағы баласы ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар