Байқоңыр 2024 жылғы ұшырылымдарға дайындалуда

cover Сурет: Егемен Қазақстан

«Байқоңыр» ғарыш айлағында Роскосмостың 2023 жылғы ұшыру бағдарламасы аяқталғанына қарамастан, 2024 жылы ғарыштық ұшыруларға дайындық жалғасуда.

2024 жылы Байқоңырдан ұшыру жоспарына сәйкес, жаңа жылдың бірінші айында ұшырылымдар жоспарланбаған.

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Байқоңыр» ғарыш айлағының 254-ші учаскесінің монтаждау-сынау корпусында «Прогресс МС-26» жүк кемесін дайындау жұмыстары жалғасуда. Ғарыштық жүк көлігі Халықаралық ғарыш станциясына 2024 жылдың 15 ақпанында ұшырылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ С.П.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы бақылау-зауыттық сынақтардан кейін «Союз МС-26» басқарылатын ғарыш кемесін Байқоңыр ғарыш айлағына жіберді, оның ұшырылуы 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Кеме ғарыш айлағына пойызбен жеткізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар