Байбазаров Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі, 21 желтоқсанда министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды» делінген хабарламада.
Байбазаров 2024 жылдың 6 ақпанында ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарды.
Нұрлан Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Байбазаровтың еңбек өтілі 23 жыл, оның жетеуі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық қызметте болған.
1997-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жұмыс істеді. 2004-2011 жылдар аралығында «Қазақстан Даму Банкі» АҚ департамент басшысы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика секторларын дамыту департаментін басқарды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлік қоғамдарында қызмет етті.
2016 жылдан 2022 жылдың қарашасына дейін «Индустриялық даму қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы.
2023 жылдың қазан айында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Сол уақытта «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды