Бағанашылдағы даудан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Фото: Gov.kz
Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков Бағанашылдағы балалар үйін көшіру бойынша туған даудан кейін қызметтінен кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Болат Қайратұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын «құқықтану», 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының мемлекеттік қызметшілерді тексеру жөніндегі топтың жедел уәкілі болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар, Алматы облыстары, Алматы, Астана қалалары бойынша департаменттерінде, ҚР ҰҚК төрағасы аппаратының басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.
2021 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасы ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.
Болат Күреңбеков 2024 жылдың тамыз айында Алматы облысы әкімінің орынбасары болды. Араға бір жыл салып, Бағанашылдағы даудан соң қызметінен кетті.
Сондай-ақ облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ерік Әбитов қызметтерінен өз еріктерімен кетті.
Еске сала кетсек, Бағанашылдағы №1 облыстық балалар үйін Қонаевқа көшіру жоспарланғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұған қарсы балалар бейнеүндеу жасап, бұрынғы ғимаратта қалдыруды сұрады. Кейін Алматы облысы әкімдігі қазіргі тәрбиеленушілер Алматыда қалатынын, ал жаңа келетін балалар Қонаевтағы жаңа мекемеге орналастырылатыны айтылып еді.
21 шілде күні таңғы 8:00-дер шамасында ғимарат алдына бірнеше автобус келіп тоқтап, балаларды алып кетуге тырысқанымен, балалар оларға қарсылық танытып, автобусты жүргізбей қойды. Содан балалардың кейбірі жарақат алса, бірі оқиға орнында талып қалды. Толығырақ тілшіміздің материалынан оқи аласыз.
Сонымен қатар, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйін жөндеп, оқу процесін осы Бағанашылда жалғастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ мекемені қаланың балансына қабылдауды тапсырды.
Жаңалықтар
- «Тура биде туған жоқ» немесе «көбелек эффекті»: журналистерді қамау қоғамды қалай құлдыратады?
- ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды
- Бала өртеген 16 жастағы жасөспірімге сот үкім шығарды
- Музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды
- Қазақстан күрес федерациясын Тұрлыхановтың орнына кім басқарады?
- Атырауда Яна Легкодимованың ісін ашқан тергеушіге жаңа атақ берілді
- Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбайды әскери қызметкерлерге шабуыл жасады деп айыптап жатыр
- Тоқаев пен Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы жайлы талқылады
- Сәтбаев қаласында қызметкерлерді пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды
- Алматыда бірнеше көлік пен жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
- Шалқарда құжаты жоқ мектептің ата-аналары президентке үндеу жасады
- Бажкеноваға өзін қорғауға мүмкіндік бермей жатыр — адвокат Мұрат Адам
- Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
- «Көлік иесі де ажал құшқан»: Ақтөбеде бөтен көлікке мінген 16 жастағы жасөспірімнің денесі көлден табылды
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде