Бағанашылдағы балалар үйі кімнің қолында және оған Құлыбаевтың қандай қатысы бар?
Коллаж: Orda.kz
Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудың соңында «Тоқаев араласқан соң жақсылықпен аяқталды» деп жұрт бір қуанып қалған еді. Сөйтсек жағдайдың түп-төркіні мүлде басқаша екен. Балалар үйіне елдегі алпауыт бизнесмендердің қандай қатысы бар?
Orda.kz істің мән-жайын анықтады.
Бір мекеме бар жүйенің айнасы болды
Қазан айының басында Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін жөндеу жұмыстары аяқталғанша басқа орталыққа уақытша көшіреді деген хабар тарады. Балалар мен тәрбиешілер жөндеу жұмыстары мен балаларды басқа жаққа ауыстыруға қарсылық танытты. Алайда дәл осы жөндеу мен көшіру — балалар мен тәрбиешілер қарсы шыққан мәселе болатын. Олар: «Бізді бөлмеңіздер, ең үлкендерімізге оқуды аяқтап, тағы бір-екі жыл осы жерде қалуға мүмкіндік беріңіздер», — деп өтінген еді.
«Балалар уақытша №1 мектеп-интернатына орналастырылады. Балалар орталығының ғимараты толық жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарын „Интегра“ ЖШС бизнес қоғамдастығының әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз мойнына алды», — деп мәлімдеді 8 қазандағы жауабында.
Балаларды орналастыру бойынша жауапкершілік Алматы қаласының білім басқармасына жүктеледі. Ғимараттың тек ішін ғана бұзады. Біраз уақыттан соң жаңадан хабарлама келеді:
«Алматыда ерекше әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы №2 ғимаратын қайта жаңғыртуға дайындық басталды. Жөндеу кезінде балалар уақытша №1 арнайы мектеп-интернатына орналастырылады».
Бұл хабарды оқығанда, сөз Бағанашылдағы балалар үйі туралы екенін бірден түсіну қиын. Себебі ел арасында аты белгілі сол мекеменің орнына ресми құжаттарда басқа атау көрсетілген. Бірақ ресми атаулардың шатасқан әлемінде нақты не болып жатқанын жасырып қою үшін осы жеткілікті.
Енді сұрақ туады: неге орталықтың атауы өзгертілді және «сүру мен жөндеу» жұмыстарын кім жүргізіп жатыр? Бұл жағын білу оңай емес. Таратпайтын ақпарат болса баспасөз хатшылары жұмған аузын ашпайды.
«Интегра» деп аталатын қанша компания бар? Он шақты шығар. Бірі саудамен айналысады, бірі басқа салаларда жұмыс істейді. Ал ресми хабарламада аталған компанияның атымен толық сәйкес келетін мекеме бар. Бірақ ол не салық төлемейді, не құрылыс саласына қатысы жоқ компания. Демек, іздегеніміз бұл емес.
Қымбатқа түскен жұтаңдық
Біз Бағанашылдағы балалар үйіне шамамен 10 рет келген шығармыз. Көбіне біз келгенде дау-дамай болып жататын. Әйтеу уақыт өте келе байқағанымыз айналадағы елді мекен біртіндеп өзгеріп келе жатты.

Балалар үйінің айналасын бір қарап шықтық және көңілге сұрақ ұялататын жағдайлар көп. Балалар үйінің айналасында ешқандай да құрылыс техникасы жоқ. Сірә, жұмыс әлі басталмаған.
Бір қарағанда ғимаратты қаңырап тұр екен деп қаласың. Дегенмен біз бір-екі баланы байқадық. Айналаның дау-дамайдан жаңғырықпай, дәл осылай мимырт тыныштыққа бөленіп тұрғаны жақсы екен.

Үлкен жекеменшік сектор қай жерде орналасқан десеңіз, балалар үйі Әл-Фараби — Сырғабеков — Водопроводная көшелерінің үшбұрыш болып қиылысып жатқан жерінде орналасқан.

Әл-Фараби даңғылына жақын маңда жеке үйлер орналасқан. Барлығының иесі бар, терезелері темір қоршаумен жабылған, аумағы таза әрі ретке келтірілген, сақадай сақ тұрған иттері де бар.




Сырғабеков көшесіне жақын үйлер де дәл сондай. Күзетіп тұрған иттері бар. Дегенмен бұл үйлерде ешкім тұрмайды.




Шамасы құрылыс бастаймыз деген желеумен жер телімдерін сатып алған адамдар қаңқасын тұрғызып, сол күйі тиіспеген. Олар өз үйлерінде, ал мына жерде олардың атындағы орын бос тұр. Сонда бұл қандай құрылыс болғаны?




Бір кездері дизайнерлер «Алматы — біздің ортақ үйіміз» деп жазуды ойлап тапқан еді. Сол жазу жазылған қоршау қазір балалар үйіне қарама-қарсы жерде тұр.

Аты жоқ құрылыстың екінші шеті Әл-Фараби көшесіне барып тіреледі. Ал қоршаудың артқы жағында биік қоршауы бар футбол және баскетбол алаңы орналасқан. Онда мекеменің жігіттері келіп демалып, бос уақытын өткізуі мүмкін деп топшылауға ғана болады. Әйтпесе оның не үшін салынғаны түсініксіз.
Дегенмен биік қоршаудың арғы жағында жекеменшік үйлерді бұзу жұмыстары қарқынды жүріп жатты. Тіпті қандай бір ғимараттың қаңқасы тұрғызылып та қойған.
Жердің сатып алынғаны түсінікті. Бірақ кадастрлық карта бойынша біртұтас қоршаумен сызылған бөліктердің басым бөлігі «Призма Т» ЖШС иелігіндегі шекара маңындағы бөлікті қоспағанда бұрынғыша жекеменшік жер.

Бір нәрсені тілге тиек етсек, құрылыс биыл ғана басталған. 2023 жылы бұл жерде ешқандай құрылыс жұмыстары жүрмеген.


Құрылысты кім салып жатыр және неліктен құрылыстың паспорты жоқ? «Призма Т» ЖШС қандай компания?
Компанияның құрылуына мұрындық болған тұлға – Нұркелді Кеңесбеков. Ол туралы ақпарат аз, бірақ біздің бар тапқан ақпаратымыз бойынша ол 2021 жылдың шілде айынан 2022 жылдың тамыз айына дейін ғана компанияны басқарған және бұл оның жалғыз комапниясы емес.
Нұркелді Кеңесбеков 1993 жылы дүниеге келген. Ол тағы «АгросервисБайсерке и Ко» ЖШС, «Agrex Prime» ЖШС, «Sara LLC» ЖШС және астық сақтайтын «Байсерке Агро» ЖШС-ын басқарады.

2013 жылы «АгросервисБайсерке и Ко» ЖШС-ын Нұрлан Оспанов басқарды. Оның есімін тағы «Байсерке Агрода» компаниясына қатысты мәліметтерден де байқап қалдық.

2024 жылы «Байсерке Агро» компаниясы мемлекетке 6,2 миллион теңге салық төлеген. Компанияны Нүркелді Кенесбеков басқарады, ал оның иесі – Ләйлә Оспанова.
Белгілі болғандай, Нұрлан мен Ләйлә Оспановтар 2015 жылы елдің электр желілерін басқаратын ұлттық компания – «KEGOC» тізімінде болған.

Бәлкім, бұл екі адам бір-бірімен ағайын-туыс болуы мүмкін. Әзірге нақты ақпаратты анықтай алмаймыз.
Кеңесбеков құрған «Zhetysu hydro» компаниясын Марат Қынатов басқарады. 2016 жылы ол «Казгидромет» РМК-нің бас директоры атанды. 2019 жылы «Азық-түлік корпорациясы» «ҰК» АҚ (ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатып алумен және астықты ішкі нарықта сатумен айналысатын ұлттық компания) үлестес тұлғаларының тізіміне енді.

«Призма Т» ЖШС-ның 2022 жылдың тамызы мен 2024 жылдың қаңтарына дейінгі құрылтайшысы — Салтанат Сарыбекова. 2019 жылы «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қылмыстық құқық бұзушылық түсінігі» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады. Сарыбекова туралы барлық ақпараттар ғылыми қызметке байланысты.
Тағы бір құрылтайшы – Жәнібек Тәттібаев. 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың қаңтарына дейін меншік иесі болды, сондай-ақ AMANAT CONTRACTORS (тұрғын ғимараттар құрылысы) компаниясын басқарады. «BROTHERS VHD GROUP» ЖШС-ның директоры болды.
Болат Баймолдин – 2025-тің ақпанынан бастап осы күнге дейін басқарып келеді. Ол туралы әзірге ешқандай ақпарат қолымызда жоқ.

«Призма» ЖШС балалар үйінің аумағының жанына автосервис салады. Бұл туралы хабарлама 2025 жылдың маусымында берілген. Жобалық-сметалық жоба 2023 жылы әзірлеген.

Салық бойынша: ең көп төленген қаражат – 303 мың теңге. Оны 2025 жылдың әлі құрылыс аяқталмаған кезеңде төлеген. Ал компания төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді. Автосервис салынуы жөнді шығар. Өйткені балалар үйінің қарама-қарсы жағында «Бағанашыл» деп аталатын жанармай бекеті орналасқан.

Әл-Фараби даңғылы неліктен Голливуд-бизнесі деп аталып кетті?
Жанармай құю бекетінен басқа балалар үйіне қарама-қарсы тағы Тәжікстан елшілігі бар.

Тағы да үлкен жер телімдері тұр. Оның біреуі қоршалған, ішінде 0,7 гектар жерде гүлденген жеке сектор бар.
Қоршаудың артындағы учаскелердің астындағы жер «AB Development Kazakhstan» ЖШС-не тиесілі. Компанияның құрылғанына бір жылдан енді асты. Бұл компания тұрғын үй құрылысымен айналысады.

Кәсіптің басшылары: Жомарт Абласанов және Жәнел Жетпісбай.
AB Development Kazakhstan тағы бірнеше компания ашты: жеке TLC Minerals Limited, «Қайнар Балық» ЖШС, «Dragon lakshme Group kz» ЖШС.

TLC Minerals Limited жеке компаниясы Жомарт Абласановтың туысы Байқадам Абласановпен бірге Beineu Petroleum Limited жеке компаниясына иелік ететін «Capital stroy V» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы.

«Beineu Petroleum Limited» компаниясы «Fincraft Group» ЖШС-ның құрылтайшысы, ал оның тең құрылтайшысы қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышев.

Балалар үйіне жақын тағы 6 гектар болатын жер телімі анықталды.

Үлкен әрі сәнді тұрғын үй кешенінің, дәлірек айтсақ, оның жерінің үш иесі бар: «Omirex» ЖШС, «Сана Бизнес» ЖШС және «TLCo» ЖШС.
Олардың ішінде «Omirex» ЖШС Тимур Құлыбаевпен, және тек онымен ғана емес, байланысты екені белгілі.

Байланыс картасында компаниялар желісі қалай көрінетін түсіріп салып отырмыз (Omirex компаниясы қызыл түспен белгіленді).

«Omirex» компаниясы басқа ірі компанияларға қызмет көрсетеді. 2024 жылы мемлекетке 9,6 миллион теңге салық төлеген. Кей жылдары компания өз иелері арқылы ірі акционерлік компаниялармен байланысы бар адамдар тізіміне кірген. Бұл компания 16 жылдан астам уақыт бұрын құрылған.
Байқасаңыз бәрі бір жерде орналасқан.
Міне, мәселенің түп-төркіні қайда жатыр? Қоғам болып, бүкіл Қазақстан болып шулап, «жетімін жылатпаған қазақ едік» деген де, сол балалардың тұрған ғимараты елдегі ең қалталы, дәулеті тасып тұрған бизнесмендердің ғимараттарына көрші болып шықты. Былайша айтқанда, балалар үйінің маңында «бизнес-Голливуд» орналасқан.
Балалар үйінің жерін бұрын коттедж салу үшін пайдаланғысы келген. Бірақ президент Тоқаев балаларды көшіру жайлы мәселе елдің құлағына жетіп шу болып кеткеннен кейін істі тоқтатты. Қазір балалар мен қызметкерлері Елебеков 22а мекенжайындағы арнайы орталыққа көшірілген. Бәрін бірге, ешқайсысын қалдырмай көшірген.
Автор: Александра Мохирева
Жаңалықтар
- Бағанашылдағы балалар үйі кімнің қолында және оған Құлыбаевтың қандай қатысы бар?
- «Балалар тіл түсінбей жылайды»: Петропавлда қазақ балалары орыс топтарға баруға мәжбүр
- Қарағандыда жүргізуші әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
- Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарға қарсы: Қазақстанның басты жекпе-жегі ме?
- Футболды дамыту мәселесіне тоқталды: Тоқаев Халықаралық падел федерациясының басшыларымен кездесті
- «Қосанов халық алдына шықсын!»: Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары талаптарын айтты
- Тоқаев мемлекеттік сапармен Ресейге барады, ал елдегі форумға онлайн қатысады
- Өзімізді өртейміз: Хасан Қасымбаев соттағы соңғы сөзін айтты
- Алматыдағы балалар үйін жалмаған өрт: Әмина Әжібаева алаяқтарға ескерту жасады
- «Қызылжар» футбол клубы Сергей Канның қолына өтті
- Шымкенттік бір келіншек жүкті әйелдерді тақырға отырғызды
- Атырауда боди-массаж жасаған әйел келушісін өлтіргені үшін сотталып жатыр
- Ақмола облысында балалардың күрестен өткен жарысында бапкерлер төбелесіп қалды
- Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митиңге шықты
- Алматы облысында өзіне қол жұмсаған баланың інісі орталыққа орналастырылды
- Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану бойынша маңызды шешім әзірленіп жатыр
- Жамбыл облысында 16 жастағы студенттің мүрдесі табылды
- Қазақстан ICАО нұсқасы бойынша авиациялық қауіпсіздік көшбасшыларының қатарына енді
- 9 қарашадағы Қазақстанның айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубль бағамы
- Енді миллионерлер Нью-Йоркте емес, Дубайда тұрады