Бадминтоншы Панарин жапондықтан жеңіліп қалды

cover Фото: olympic.kz

2024 жылғы Олимпиаданың басында Олимпиада ойындарында дебют жасаған қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин 28 шілде күні іріктеу кездесуінде жапондық қарсыласы Кента Нишимотаға есе жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Кездесуде қазақстандық спортшы  2:0 (21:5, 21:11) есебімен ұтылды. Матч қырық минутқа созылды. Панариннің келесі қарсыласы канадалық Брайан Янг.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстан бадминтоннан қатысып жатқан алғашқы Олимпиада ойындары.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар