Алматының ақпараттық технологиялар жоспары бекітілді

cover

Алматыда  әкім Б. Сағынтаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусиннің қатысуымен кеңес өтті. Ақпараттық технологияларға (АТ) арналған кеңесте мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін цифрландыру жүйесін дамытудың басты бағыттары қаралды.

Қатысушылар 2020 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар, АТ-кәсіпкерлікті қолдау, АТ-қызметтерін цифрландыру мен экспорттауды дамыту үшін жағдайлар жасау және мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету жөніндегі бастамаларды талқыланды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин Алматыда «Зерде» холдингімен бірлесіп әзірленген АТ-архитектурасын қалыптастырудың мақсатты жоспарына қол қойды.

Жалпы кездесуде АТ-архитектурасының мақсатты күйі шеңберінде әр түрлі бағыттарды әрі қарай дамыту және Smart City технологиялық платформасының тетіктерін жүзеге асыру сөз болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар