Қазпоштаны кімнің сатып алатыны белгілі болды

cover

Қазпоштаны Халық банкі немесе екі консорциумның бірі – есеп комиссиясы сатып ала алады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасы «Қазпошта» АҚ әлеуетті инвесторларының: Халық банкі мен екі консорциумның тізімін бекітті, деп хабарлады республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комиссиясы.

«2020 жылғы 28 тамызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесі стратегиялық инвесторға акциялардың 51%-ын 100%-ға тікелей мақсатты сату арқылы «Қазпочта» АҚ сату әдісін анықтады. Қор басқармасы «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС ұсынымы негізінде тиісті тексеру кезеңіне жіберілген әлеуетті инвесторлардың тізімін бекітті: 1) «Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank),      2) Еуразиялық Digital Ventures I LP консорциумы және LLP «TransCom» ЖШС,  3) «АМС «Алмалы» ЖШС мен «Хави Қазақстан» ЖШС», - делінген «Қазпошта» АҚ активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің есеп комиссиясы қорытындысында.

Ақпаратқа сәйкес, «Қазпошта» АҚ акцияларының 51%-дан 100%-ға дейін бәсекелестік ортаға беру кестесі де жаңартылды.

Міндетті ұсыныстарды беру және ең төменгі бағаны белгілеу кезеңіне жіберілген әлеуетті инвесторлар тізімін жаңарту жалғасуда. Мәміле 2022 жылдың 16 қаңтарына дейін аяқталады деп жоспарланған. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазпошта» активтерінің құны 108 млрд теңгені құрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар