Әзірбайжан президенті мен Тоқаев не туралы сөйлесті?

cover Фото: gov.kz

Президент Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Әзірбайжан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары екі ел азаматтарының отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Ең алдымен Әлиев құтқару жұмыстары үшін Тоқаевқа алғыс айтты. Әзірбайжан басшысы қажетті шараларды жедел қабылдаған және зардап шеккен жолаушыларды құтқаруға белсенді қатысқан қазақстандық құтқарушылардың іс-әрекетін жоғары бағалады.

Сонымен қатар Әлиев Қазақстанның медицина қызметкерлеріне зардап шеккендерге күтім жасағаны және кәсіби медициналық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Әзірбайжан президенті бұл жағдайлардың екі ел арасындағы ынтымақтасқанын одан әрі нығайтқанын атап өтті. 

Ал Тоқаев Әлиевке ұшақ апатын тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Embraer компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, тергеуге белсенді қатысып жатқанын мәлімдеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар