Азияда Covid-19 өршіді, Қазақстанда жағдай қалай?
Азия елдерінде, әсіресе Гонконг пен Сингапурде COVID-19 індетінің өршуіне қарамастан, Қазақстандағы жағдай тұрақты, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеп.
2025 жылдың басынан бері елде 329 жағдай тіркелген, қайтыс болғандар жоқ. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе аз.
Қазіргі таңда:
Аптасына орта есеппен 25 жағдай анықталуда;
Инфекциялық төсектердің жүктемесі — 27 %, реанимациялық жағдай — 2 %;
Стационарларда COVID-19 диагнозымен тек екі науқас орташа ауырлықтағы жағдайда ем қабылдап жатыр.
Елде алғаш 2022 жылы анықталған «Омикрон» штамы айналып жүр. Бұл вирус жеңіл түрде өтеді, көбінесе тұмау белгілері (мұрынның бітелуі, тамақтың ауруы, жөтел және т.б.) білінеді. Әдетте ауруханаға жатқызу қажет болмайды.
Денсаулық сақтау министрлігі келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
Ауырған адамдармен байланыс жасамау;
Қолды жиі жуу;
Бөлмелерді тұрақты түрде желдету;
Симптомдар пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу.
Осылайша, Азияның кейбір елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп жатса да, Қазақстандағы жағдай бақылаудан шыға қойған жоқ.
Жаңалықтар
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған