Қазгидромет: оңтүстік пен батыс 30 градусқа дейін жылынады

cover

Синоптиктер сәуір айының екінші жартысында Қазақстанның оңтүстігі мен батысында 30 градусқа дейін жылынады деп болжауда.

Синоптиктердің болжамынша, сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде температура көтерілуі мүмкін:

  • Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында – күндіз плюс 15-25°с дейін;
  • ҚР оңтүстік аймақтарында және батысында – плюс 20-30°с дейін.


Алайда синоптиктер суық ауа райының оралуын және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін жоққа шығармайды.

— Ресей аумағынан республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі суық ауа массаларының өтуі кезінде термометр бағандары түнде 0, минус 9°С, күндіз 3-8 градусқа дейін, елдің оңтүстік өңірлері мен батысында түнде минус 5, плюс 7°С, күндіз 10-17 градусқа дейін түсуі мүмкін, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, сәуір айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы 2-9 градус жылы болады, оған қоса Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік – батысында 10-16°с болады.

Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның көптеген өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұған Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін өңірлер қосылмайды.

— Бір ай ішінде циклондардың Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан шығуымен республиканың батысы мен солтүстік жартысында ауа-райының тұрақсыз сипаты басым болады, – деп хабарлады синоптиктер.

Найзағай бүкіл Қазақстан бойынша, тұман – Қазақстанның солтүстік жартысында байқалады.

Қазгидромет консультативтік болжам айтарлықтай түзетулерге ұшырауы мүмкін және қысқа мерзімге арналған болжамдармен нақтыланатын болатындығын қосты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар