«Азаматтығы жоқ»: Сатушы қызды өлтірген ер адам туралы тың дерек шықты

cover Фото: Видеодан кадр

Саран қаласында дүкендегі сатушы қызды 30 мың теңге үшін пышақтап кеткен ер адам 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz Патриотқа сілтеме жасап. 

Ер адамның ешбір елде тіркелмегені және азаматтығы жоқ екені белгілі болды. Қарағандыда құрылыс саласында жұмыс істейді екен. Үйленген. 

Адвокаты ол туралы ештеңе айта алмайтынын айтты. 

«Мен іс бойынша ештеңе түсіндіре алмаймын. Мен оның құқығын қорғаймын. Сотқа дейінгі тергеу деректерін жария ете алмаймын», - деді адвокат Евгения Толстова.

Адвокат ер адамның азаматтығы жоқтығын қиын тағдырымен байланыстырды. Ол тіпті Қазақстан азаматтығын да алмаған. 

Қайғылы оқиға болған күні 50 жастағы күдікті Қарағандыдан Саранға таксимен келеді. Такси жүргізушісіне уақытша телефонын тастап кеткен. Кейін ақша алып келіп, айырбастап алатын болған. Ол телефонын қайтару үшін дүкен тонамақшы болады. Бірақ сатушыны өлтіретін ойы болмаған екен. 

Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар