AZAL ұшағының Грозный әуежайының диспетчерімен сөйлескен сөзі жарияланды
Фото: Orda.kz
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines Embraer-190 ұшағының Грозный әуежайының диспетчерімен сөйлескен сөзі жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Day.Az мәліметінше, бұл жазба ресейлік тараптың ұшақ экипажына басқа әуежай ұсынбағанын және қонуға нақты рұқсат бермегенін айғақтайды.
Сонымен қатар, ұшқыштарға "Кілем" жоспарының енгізілгені немесе қалың тұман туралы алдын ала ақпарат берілмеген. Экипаж бірнеше рет қонуға тырысқанымен, диспетчер көмек көрсетуден бас тартқандай әсер қалдырды. Бұл "Росавиация" басшысы Дмитрий Ядровтың ұшаққа балама әуежайлар ұсынылды деген мәлімдемесін жоққа шығарады.
Бұған дейін "Росавиация" басшысы Дмитрий Ядров Грозный әуежайында "Кілем" жоспары енгізілгенін, қалың тұман болғанын, сондықтан Әзірбайжан әуе желілерінің ұшағы екі рет сәтсіз қонуға тырысқанын мәлімдеген видеоүндеу жасаған. Ядров ұшақ командиріне Грозныйдағы сәтсіз қону әрекеттерінен кейін басқа әуежайлар ұсынылғанын айтқан еді.
ВЧК-ОГПУ telegram-арнасының жазуынша, ұшақ диспетчердің бақылауымен бірнеше рет қонуға тырысқан. Тұман мен "Кілем" жоспары туралы айтылмаған, ал жоспар енгізілгені туралы ақпарат тек бес минуттан кейін ғана таралған.
Экипаж бірнеше рет қонуға тырысып, GPS датчиктерінің өшіп қалғанын хабарлаған және диспетчерден бағытты нақтылауды өтінген. Алайда диспетчер бірде-бір рет балама әуежай ұсынбаған, тек экипаж сұрауларына ғана жауап берген. Дмитрий Ядровтың мәлімдемесінде керісінше деректер келтірілген.
Осындай жағдайда командир Игорь Кшнякин жалғыз дұрыс шешім қабылдап, бағытын өзгертіп, басқа елдің әуе кеңістігіне бет алған.
Төменде AZAL ұшағының ұшқыштары мен Грозный диспетчері арасында болған сөздің толық мазмұны ұсынылады.






Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр