AZAL ұшағы апатын Ресей өз мойнына алудан бас тартты

cover Фото: Orda.kz

Кремль өкілі Дмитрий Песков Әзірбайжан ұшағы апатына қатысты жауапкершіліктен бас тартып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Песков оқиғаға байланысты түсініктеме беруге құқылы емеспіз деп түсіндірді.

«Тағы да қайталаймын, менің бұған дейін айтқаныма қосатын ештеңем жоқ. Бұл оқиғаға тергеу жүргізілуде және тергеу нәтижелері бойынша жасалған қорытындыларға дейін біз өзімізді қандай да бір баға беруге құқылымыз деп санамаймыз және олай істемейміз. Бізде бұған рұқсат етілген авиациялық билік орындары бар және кез келген ақпарат тек солардан келуі мүмкін. Біз бұған түсініктеме беруге құқығымыз жоқ деп санаймыз», — деді Кремль өкілі Песков.

AZAL Ресейдің жеті қаласына ұшуды тоқтатады.

Дмитрий Ядровтың айтуынша, ұшақ қонған кезде Грозный әуежайы аймағындағы жағдай «өте қиын болған». Ол украиндық ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына байланысты әуежай аспанында «Кілем» жоспары енгізілгенін және аймақта қалың тұман болғанын атап өтті.

Ядровтың айтуынша, Грозныйға ұшақты қондыруға екі рет әрекет жасаған, содан кейін ұшқыш Ақтауға қонуға шешім қабылдаған. Ол сондай-ақ ресейлік тарап «қазақстандық және әзірбайжандық әріптестерге осы қайғылы оқиғаны тергеуде ынтымақтастыққа толық дайын екендігі туралы дереу хабарлағанын» мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар