Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

cover

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Кейбір сала қызметкерлері 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндеттеліп отыр. 

Бұл туралы Оrda.kz хабарлайды.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері,  «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 6-1-тармағында белгіленген салаларда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары:

  • 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;
  • профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
  • COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін.

Вакцинаны кімдерге салдырмауға рұқсат етілген

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұрғындар;
  • соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғандар.

Осы қаулының орындалуын бас санитар дәрігер өз бақылауында қалдырды.

Құжат 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар